Балаларды қорғау күні Алматыда бірқатар мәдени шаралар өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балаларды қорғау күні Алматыда бірқатар мәдени шаралар өтеді

30.05.2016
Балаларды қорғау күні Алматыда бірқатар мәдени шаралар өтеді

1 маусымда Бүкіләлемдік балаларды қорғау күніне орай Алматыда бірқатар мәдени шаралар ұйымдастырылады. Бұл туралы Алматы қаласының Мәдениет басқармасы хабарлайды.

Орталық демалыс саябағында сағат 10:00-де «Бозторғай» балалар шығармашылығының халықаралық байқауы, ал сағат 12:00-де Н.Сац атындағы театрда Сергей Михалковтың «Три поросенка» қойылымы, Мемлекеттік қуыршақ театрында сағат 11:00-де концерт өтеді. Республикалық неміс театры «Тенгри-Умай» алаңында «Обезьянки в космосе» көрсетілімін қояды.

«Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының әртістері сағат 15.00-де Жамбыл атындағы филармонияда «Бременские музыканты», «По следам бременских музыкантов» қойылымдарын ұсынады. Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында сағат 16.00-де Марат Омаров «Әкетай, көкетай» бағдарламасына шақырады», - делінген хабарламада.

Сағат 10.00 -де С.Бегалин атындағы кітапханада Алматының 1000 жылдығы мен кітапхананың 65 жылдығына арналған «Книжный мир детства» шарасы өтеді.

«Мүмкіндігі шектеулі балалар мен тұрмысы төмен отбасылары балалары үшін қайырымдылық акциясы аясында сағат 12:00-де Қазақ циркінде көрсетілім ұйымдастырылады. Сағат 11:00-де Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайының ұжымы 28 панфиловшылар саябағында «Бар мейіріміз балаларға» атты концерт береді», - делінген хабарламада.

Қала тарихы С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтың мұражайлары балалар үшін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін ашық есік күндерін өткізеді.

Хабарламаларға жазылу