Ұлыбритания пластикалық банкноттар шығармақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания пластикалық банкноттар шығармақ

29.05.2016
Ұлыбритания пластикалық банкноттар шығармақ

Ұлыбритания арнайы полимерден жасалған банкноттарды шығаруға дайындалып жатыр.  Мұндай банкнот жыртылмайды. Тіпті, киіммен бірге жуылып кеткен жағдайда, 90 С градус температураға да шыдамды.  Сондай-ақ, бұл материал дақ пен ылғалға да төзімді келеді.

2016 жылдың қыркүйегінде 5 фунт негізіндегі 440 миллион бірлік банкнот айналымға шыға бастайды. Онда Уинстон Черчильдің портреті бейнеленеді.

10 және 20 фунттық ақшалар да дәл осы материалдан жасалады. Алайда, алғашқы 10 фунттық банкноттар айналымға тек 2017 жылы шығады.

The Telegraph

Хабарламаларға жазылу