Украинада қарттар үйі өртеніп, 17 адам қаза тапты
Украинаның Киев облысында қарттар үйі өртенді. 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды елдің төтенше жағдайлар бойынша облыстық басқармасы.
Украинаның құтқару қызметінің басшысы Николай Чечеткин 16 мәйіт үйінділер астынан шығарылғанын, тағы біреуін алып шығу керек екенін айтты. Жапа шеккен тағы бес адам түрлі дәрежедегі күйіктермен ауруханаға жеткізілді.
Жексенбіге қараған түні Броварский ауданы Леточки ауылындағы екі қабатты жеке үй отқа оранды. Өрт туралы хабар түнгі сағат 3:48-де түсті. Үйде қарт адамдар уақытша тұрып жатқан. Қызыл жалын барлық ғимаратқа тарады. Суреттерге қарағанда, ғимарат іші біраз зақымданып, шатырдың кей бөліктері құлаған.
Алдын ала ақпарат бойынша, үйде 35 адам болған.
ҚазАқпарат
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Конституция жобасын еуропалық сарапшылар талқылауда
11.02.2026, 21:34
Қыс әлегі: Жамбыл облысында бірнеше бағыттағы жол жабылды
11.02.2026, 20:18
Әлем жаңалықтарына шолу
11.02.2026, 20:17
Ипотека нарығына өзгеріс енгізіледі
11.02.2026, 20:16
Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстарына 36,8 млрд теңге бөлінді
11.02.2026, 20:15
Қысқы Олимпиада ойындарының 5-күні
11.02.2026, 20:12
Автогаз қоймаларын жер астына орналастыру міндеттелуі мүмкін
11.02.2026, 20:12
Әскерден келгендер университетте тегін білім алып жүр
11.02.2026, 20:11