Н.Назарбаев: «Интернет балаларына» кедергі келтірмей, түсіністікпен қарау керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Назарбаев: «Интернет балаларына» кедергі келтірмей, түсіністікпен қарау керек

27.05.2016
Н.Назарбаев: «Интернет балаларына» кедергі келтірмей, түсіністікпен қарау керек

ҚР Президенті Н.Назарбаев жоғарғы буын өкілдері Интернет ғасырында тәрбиеленген жастарға түсіністікпен қарау керек деп санайтынын айтты.

Елбасы мұндай пікірін Астана экономикалық форумы барысында оған қойылған сұраққа жауап беру кезінде білдірді.

«Бүгін Джек Ма (танымал қытайлық миллиардер - ред) 80-ші жылдан бері 2 млрд. адам өмірге келгенін айтып өтті. Олар - «Интернет балалары». Жаңа буын. Жоғарғы буын өкілдері Интернет ғасырында тәрбиеленген жастарға түсіністікпен қарап, кедергі келтірмеуі керек. Бұл менің замандастарым үшін ауыр сын», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, Қазақстанның астанасында кезекті Астана экономикалық форумы аяқталған болатын. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен танымал сарапшылар қатысты. Екі күнге созылған шараға 80 елден 5000-нан астам делегат қатысты.

Хабарламаларға жазылу