Алдағы 30 жылда Интернет әлемді елеулі өзгеріске ұшыратады - Джек Ма - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы 30 жылда Интернет әлемді елеулі өзгеріске ұшыратады - Джек Ма

26.05.2016
Алдағы 30 жылда Интернет әлемді елеулі өзгеріске ұшыратады - Джек Ма

Алдағы 30 жылда Интернет әлемді бұдан артық өзгеріске ұшыратады. Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумының пленарлық отырысында Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы және Директорлар кеңесінің төрағасы Джек Ма мәлім етті.

«Әлем өзгерді, яғни соңғы бірнеше жылда Интернет барша әлемді өзгертті. Алдағы 30 жылда Интернет әлемді бұдан артық өзгеріске ұшыратады. 1,8 млрд. адам өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан кейін өмірге келді. Бүгінде олар  Интернеттің буыны деп саналады және бұл буын үнемі жаңашылдықты күтеді. Атап айтқанда, Интернет әлемге елеулі үлесін қосты, сонымен қатар кейбір кері әсерлері де болды. Жалпы, біз электронды жолды құру туралы ойладық па? Яғни, Азия мен АҚШ арасында, Азия мен Еуропа арасында жолды қалыптастыруды қарастырдық па? Осы электронды жұмыс арқылы кез келген шағын бизнес ақысыз түрде жылжып, бизнесін шығынсыз жүргізе алады. Осы жолда ұялы телефоны бар әрбір адам кез келген өнімді саудалауға қауқарлы болады. Менің ойымша, бұл тұрғыда ойланған дұрыс болар еді»,-деді Джек Ма.

Сонымен қатар ол Қазақстанға сапары жайында өз ойымен бөлісті.

«Мен Қазақстанға алғаш келіп отырмын. Бұған дейін ұшақпен Қазақстан арқылы өткен болатынмын, алайда ешқашан осында аялдап көрмеппін. Астанаға келгенде Азия мен Орталық Азияның байланысын сезіндім. Кеше мейрамханаға тамақтануға барғанда, Қазақстанда еуропалықтар да және азиялықтар да өздерін жайлы сезінетіндігін байқадым»,-деді ол.

Хабарламаларға жазылу