Дәурен Абаев: Министрлер мен әкімдер қоғамға жақындай түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәурен Абаев: Министрлер мен әкімдер қоғамға жақындай түседі

26.05.2016
Дәурен Абаев: Министрлер мен әкімдер қоғамға жақындай түседі

АЭФ «Адамдар мен елдер арасындағы цифрлық алшақтықты еңсеру» атты конференциясы барысында біз сапалы электрондық қызметтің арқасында азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері Астанада өткен АЭФ барысында талқыланды. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Фейсбуктегі парақшасында осылай жазды.

ҚР АКМ жұмысы бұл бағытта 4 компонентке шоғырланған: «ашық нормативтік-құқықтық актілер», «ашық бюджеттер», «ашық диалог», «ашық деректер».

«Бұл нені білдіреді? Бұл әр азамат нормативтік-құқықтық акті әзірлеуде өз пікірін білдіріп, қатысуға болатынын білдіреді. Өкінішке орай, бүгінде онда жарияланған ақпарат тікелей өмірімізге әсер еткенімен, мұндай маңызды опцияны пайдаланатындар аз.

Бұл мемлекеттік қаражатты жұмсау барысын қоғамдық бақылаудың жаңа тетіктерін енгізуді жалғастыра түсетінімізді білдіреді. «Ашық бюджеттер» порталында мемлекеттік органдардың қаржы және бюджеттік есептілігін орналастырамыз. «Онлайн» режімінде сіздер олардың бюджеттік бағдарламалар жобаларын талқылай аласыздар. БАҚ арқасында кез келген бұзушылық жарияланады.

Бұлай біз  қоғамға министрлер мен әкімдердің қолжетімділігін арттыра түсеміз. Мемлекеттік органдар блогы, интернет-конференциялар, сауланамалар, «Халықтық бақылау» сервистері - біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс.

Бұл БАҚ, қарапайым азаматтар, бизнес, қоғамдық ұйымдар үшін елдің дамуының негізгі параметрлері бойынша барлық қажетті деректер қолжетімді болады деген сөз. Жұмысқа орналасу, жұмыспен қамту, туризм ТКШ, жылжымайтын мүлік, экология - осы және басқа да көптеген салалар бойынша сіздер қолайлы форматта деректерді таба аласыздар», - деп жазады министр.

Дәурен Абаев азаматтарға осы сервис деректерін пайдалануға шақырды: «Сіздердің әр қадамдарыңыз, пікірлеріңіз, пайымдарыңыз бізді есепті мемлекет қалыптастыруға жақындата түседі».

Хабарламаларға жазылу