30 жыл бұрын (1986) қазақстандық ауыр атлет, 2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, екі мәрте Әлем чемпионы (2009, 2010), екі мәрте Еуропа чемпионы (2004, 2005), Қазақстан чемпионы (2010, 2011, 2012), Азия чемпионы (2009) және Азия ойындарының чемпионы (2010, 2011) жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Светлана Подобедова дүниеге келді.
Светлана Подобедова РКФСР Иркутск облысы Зиминск ауданының Зима станциясында туған. Ауыр атлетикамен 11 жасынан айналысады. 2007 жылдан бері Қазақстанда тұрады және жаттығады.
2007 жылы Светлана Подобедова және жаттықтырушысы Қазақстан Ауыр атлетика федерациясымен келіссөз жүргізіп, Қазақстан атынан қатысуға келісімін берді. Алайда, Ресей ауыр атлетика федерациясы оның бұл әрекетін құптамай, Халықаралық ауыр атлетика федерациясына шағымданды. Өйткені, ереже бойынша қандай да зілтемір көтеруші басқа елдің азаматтығын қабылдағаннан кейін, арада екі жыл өткеннен соң ғана ресми халықаралық жарыстарға қатыса алады.
Сөйтіп, ол төртжылдықтың басты жарысы Бейжің Олимпиадасынан шет қалды. 2009 жылы Подобедованың Алматыға келгеніне екі жылдан асып, ол Қазақстанның атынан сынға түсе алатын болды.
2009 жылғы Әлем чемпионатында жұлқи көтеру бойынша 130 кг бағындырып, Әлем рекордын жасаса, серпе көтеру сынында 160 кг көтерiп, абсалютті әлем рекордымен 2-шi орын алған Цао Лейден (Қытай) 23 кг басым түседі. Подобедова 2009 жылғы Әлем чемпионы атағын тағы жеңіп алды. Сонымен бірге, ол Түркияның Анталья қаласында өткен Әлем чемпионатында дүниежүзілік рекордқа үш рет өзгеріс енгізді.