Австрия ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу туралы шартқа қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австрия ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу туралы шартқа қол қойды

24.05.2016
Австрия ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу туралы шартқа қол қойды

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаевтың Австрияға саппары барысында МАГАТЭ, ЮНИДО, БҰҰ Бас хатшысының «Барлығы үшін орнықты энергетика» бастамалары, ЕҚЫҰ, ОПЕК және ОПЕК-тің халықаралдық даму қоры (ОФИД) өкілдерімен кездесулері болды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Кездесуде халықаралық ұйымдардың көрмеге қатысуы, соның ішінде конференциялар мен семинарлар өткізу, павильондарды тақырыптық толықтыру және басқа да мәселелер талқыланды.

«Халықаралық ұйымдар өкілдері көрмеге даярлық барысын оң бағалады және «ЭКСПО-2017» халықаралық қоғамдастықтың назарын экологияға, баламалы энергетиканы дамыту, энергия үнемдеу және оның тиімділігін арттыру проблемаларына аударады деген сенімін білдірді», - делінген Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының хабарламасында.

Австрия ғылым, зерттеулер және экономика министрінің орынбасары Бернадет Гирлингермен және Австрияның ЭКСПО-2017 көрмесіндегі ұлттық секциясының комиссары Ричард Шенцпен бөлек кездесу болды, оның барысында Р.Жошыбаев көрмеге әзірліктің барысы, соның ішінде халықаралық қатысушыларды тарту үдерісі туралы әңгімеледі.

Р.Жошыбаев пен Р.Шенцтің кездесуі қорытындысымен Австрияның көрмеге қатысатыны туралы шартқа қол қойды. 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу