Австрияда президенттік сайлаудың екінші туры аяқталып, «Жасылдар» партиясының бұрынғы басшысы және тәуелсіз кандидат Александр Ван дер Беллен жеңіске жетті.
Ал, оның қарсыласы Австрияның әсіре оңшыл «Еркіндік» партиясы атынан саяси тартысқа түскен Норберт Хофер жеңілгенін мойындады. Екі үміткер арасындағы жиналған дауыс айырмашылығы үлкен емес: Ван дер Беллен 50,3 пайыз дауыс жинаса, Хоферді сайлаушылардың 49,7 пайызы қолдаған.
Мадина МҰҚАНОВА