Астанада «Индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасының нәтижелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасының нәтижелері талқыланды

15.06.2016
Астанада «Индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасының нәтижелері талқыланды

«Индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы ел экономикасына серпін беріп, индустрияландырудың игілікті жолын ұсынды. Бұл - «Sarap Timе» клубының кезекті отырысына қатысқан  салмақты сарапшылардың ортақ ойы. Мәселен, осы бағдарламаның арқасында өңдеу өнеркәсібінің еңбек өнімділігі екі есеге көбейген. Технологиялық дайындық индексі бойынша Қазақстан әлем елдерінің арасында 82-ші орыннан 61-ші орынды иеленген. Еліміз инновациялық әлеуеті жағынан көрсеткіштері артып, 101-ден 72-ші сатыға жетті. Сонымен қатар, еліміздегі инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі 4 пайыздан 8 пайызға дейін артқан. Бұдан бөлек, жиында индустриалды-инновациялық саясатты тиімді жүзеге асыру мақсатында алдағы бес жылдыққа арналған сараптама ұсыныстар кешені әзірленді.

 

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу