«Astana Mining & Metallurgy» VII-халықаралық конгресс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Astana Mining & Metallurgy» VII-халықаралық конгресс өтті

15.06.2016
«Astana Mining & Metallurgy» VII-халықаралық конгресс өтті

Әлемдік дағдарыс кедергі емес. Қиындықтарға қарамастан биыл метталлургия саласында 2 пайыз, темір рудасын өндіруде 6 пайыз өсім болады деп күтілуде. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев, елордада өтіп жатқан «Astana Mining & Metallurgy – 2016» VII -халықаралық конгресінде мәлім етті. Жиынның биылғы тақырыбы - тау-кен металлургия саласындағы жаңа әдістер. Форум барысында белгілі болғандай, өткен жылы Қазақстанның бұл саладағы өндіріс көлемі 14 пайызға өскен. Оған үкіметтік өнеркәсіпті қолдау жоспарының арқасында қол жетіп отыр. Конгресс аясында «Қазгеология» акционерлік қоғамы мен ресейлік «Полиметал» акционерлік қоғамы арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.  Биылға арналған басты жоспар жерқойнауы мен жерқойнауын пайдаланудың жаңа кодексі жасақталмақ. Халықаралық конгреске ел үкіметінің атынан бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев қатысты.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу