Азат Машабаев «ҚазАгроФинанстың» директоры болып сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азат Машабаев «ҚазАгроФинанстың» директоры болып сайланды

21.05.2016
Азат Машабаев «ҚазАгроФинанстың» директоры болып сайланды

«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасының 2016 жылғы 18 мамырдағы отырысының шешімімен директорлар кеңесінің мүшесі - «ҚазАгроФинанс» АҚ тәуелсіз директоры болып Машабаев Азат Еркінұлы сайланды.

Бұл туралы «ҚазАгро» баспасөз қызметінен хабарлады.

Азат Машабаев - 1979 жылы туған. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «есеп және аудит» мамандығы бойынша, «Болашақ» стипендиясы арқылы Бремен мемлекеттік университетінің заң факультетінің магистратурасын және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «халықаралық құқық» мамандығы бойынша тәмамдады.

Хабарламаларға жазылу