Тайваннің алғашқы әйел президенті қызметіне кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тайваннің алғашқы әйел президенті қызметіне кірісті

21.05.2016
Тайваннің алғашқы әйел президенті қызметіне кірісті

Цай Инвэнь ресми түрде Тайвань әкімшілігі басшысының қызметіне кірісті. Әйел президентті ұлықтаудың салтанатты рәсімі Тайбэйде өтті. Бұған дейін әкімшілік басшысын сайлау кезінде басқарушылық еткен Гоминьдань партиясы жеңілгенін мойындады.

Оппозициялық Демократиялық прогрессивтік партияның көшбасшысы Цай Инвэнь ҚХР басшылығы атынан Тайвань тәуелсіздігін күшейту үшін алға шығып отыр. Сарапшылардың пікірінше, оның сайлануы Тайбэй пен Бейжіңнің қатынастарын шиеленістіруі мүмкін, деп жазады Би-би-си.

59 жастағы Цай Инвэнь кво-статусын сақтағысы келетінін айтса да, әзірге Бейжіңдегі билікпен қатынастарына қатысты бағыты туралы сөз қозғаған жоқ.

Сарапшылар Тайваннің жаңа басшысының Бейжіңмен қатынасын нашарлатқысы келмейтінін атап өтті, себебі Тайвань экспортының 40-қа жуық пайызы құрлықтық Қытайдың үлесінде болып отыр. Бұдан басқа, аралға жүздеген қытайлық зымыран бағытталған.

Хабарламаларға жазылу