А.Күрішбаев Жер реформасы жөніндегі комиссияның экономика бойынша жұмыс тобының жетекшісі болып сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

А.Күрішбаев Жер реформасы жөніндегі комиссияның экономика бойынша жұмыс тобының жетекшісі болып сайланды

21.05.2016
А.Күрішбаев Жер реформасы жөніндегі комиссияның экономика бойынша жұмыс тобының жетекшісі болып сайланды

Айта кетерлігі, өткен бірінші отырыста комиссия әртүрлі бағытта жұмыс топтарын құру туралы мәселе көтерген болатын. Осы ұсыныс бойынша экономикалық, құқықтық, ақпараттық және ұйымдастырушылық бағытындағы төрт топ құрылатыны белгілі еді.

«Ұйымдастырушылық дегеніміз жерді беру рәсімдерін, оның ішінде өкілетті мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын, ашықтығын қамтамасыз етудегі ұсыныстар бойынша шешімдер қабылдайды. Осы жұмыс тобын құру мәселесінде барлығы келісілді. Экономикалық топқа -26 адам, құқықтық топқа -  14 адам, ұйымдастырушылық топқа -16 адам, ақпараттық топ түсіндіру тобына   16 адам жазылды. Бұл комиссия мүшелерінің тікелей ұсыныстары негізінде дайындалды. Енді жұмыс тобының жетекшілерін сайлауымыз керек», - деді Б. Сағынтаев.

Талқылау барысында экономикалық тобына Ораз Жандосовтың, Ақылбек Күрішбаевтың кандидатурасы ұсынылған болатын. Ал  талқылау барысында Ораз Жандосов өз кандидатурасын қайтарып алды: «Басқа жұмыстарым да көп еді»,- деді ол.

«А. Күрішбаев Ауыл шаруашылығы министрлігін басқарған, ғалым, жер шаруашылығын терең біледі, докторлық қорғаған. Қазір Қазақ аграрлық университетінің ректоры»,- деді сенатор Қуаныш Айтаханов. Жиынға қатысушылардың басым көпшілігі осы кандидатураны қолдады.

Хабарламаларға жазылу