Акваланг мамандығы туралы не білесіз? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Акваланг мамандығы туралы не білесіз? (ВИДЕО)

20.05.2016
Акваланг мамандығы туралы не білесіз? (ВИДЕО)

Ең алғашқы суға түсу құрылғысы 1866 жылы пайда болды. Бүгінде аквалангшы ең қажетті мамандықтардың біріне айналды. Мұхиттан қанша шақырым қашықтықта жатса да, бұл мамандығы бізде де бар.

Аквалангшы Арай Сүлейменовтің жұмысы медициналық тексерістен басталады. Одан кейінгі міндеті сүңгуір құралдарын қадағалау.

Су астына түсу үшін үлкен дайындық керек. Аквалангшы маманның алғашқы жұмысы осылай жүзеге асады.

«Жұмыстың қалай атқарылатынын кішігірім жиналыста талқылаймыз. Су астына түскенде адам өзін басқа әлемде жүргендей сезінеді. Адамның қасиеті шығар, әдетте ерекше нәрсеге ұмтылып жатамыз ғой. Судың асты да сондай»,-дейді Арай Сүлейменов.

Акваланг мамандығының ерекшеліктері туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу