20 мыңнан астам адам «Мәңгілік Ел» жалпықазақстандық ашық диктантын жазды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

20 мыңнан астам адам «Мәңгілік Ел» жалпықазақстандық ашық диктантын жазды

19.05.2016
20 мыңнан астам адам «Мәңгілік Ел» жалпықазақстандық ашық диктантын жазды

Қазақстан  халқы Ассамблеясының есебінше, бір уақыттағы акцияға 20 мыңнан астам қазақстандықтар қатысты. Қазақ тілінен білімдерін тексеруге атқаратын қызметіне  және ұлтына қарамай әр жастағы адамдар қатысты.

«Мұнда (ҚР Ұлттық академиялық кітапхана) бүгін ұлттық компаниялар, мемлекеттік органдар өкілдері, жастар, Ұлттық гвардия қызметшілері мен Астананың барлық этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысуда. Мұндай диктанттар барлық облыстық, аудандық желілерде, Достық үйлерінде өткізіледі», - деді «Қоғамдық келісім» РМК директоры Наталья Калашникова.

Оның айтуынша, 230 сөзден тұратын диктант мәтінін құрастыруға отандық ғалымдар тобы қатысқан. Күрделілігі жағынан бәріне қолжетімді етіп жасауға тырысты. Н. Калашникова мазмұны мағыналы, патриоттық тақырыпта екенін атап өтті.

«Бұл диктант мемлекеттік тілді білуге бағытталды. Бұл өз мәдениетін, сауаттылығын тексеруге, ең бастысы Патриоттық шараға тілектестігін білдіріп, оның мәнін ұғынуға, патриоттықты сезімінің оянуына ықпал етеді», - деп қосты ол.

Диктантты филолог оқытушылар тексереді. Қорытындысы бойынша «өте жақсы» баға алғандар атап өтілетін болады. Мұны жыл сайынғы дәстүрге айналдыру жоспарлануда.

 

Хабарламаларға жазылу