Йемендегі жарылыс салдарынан 30-дан астам полиция курсанты қазаға тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Йемендегі жарылыс салдарынан 30-дан астам полиция курсанты қазаға тапты

16.05.2016
Йемендегі жарылыс салдарынан 30-дан астам полиция курсанты қазаға тапты

Йеменнің оңтүстігінде, Мукалла портында «Ислам мемлекеті» тобы мүшесінің өзін-өзі жарып жіберуі салдарынан кемінде 31 полиция курсанты ажал құшты, деп хабарлады Би-би-си.

Жергілікті дәрігерлердің айтуынша, кемінде 60 адам жараланған. Шабуыл өткен айда қайтадан үкіметтік әскерлер қолына өткен Мукалланың шет жағында болған.

Ресми өкілдердің айтуынша, тағы екінші жарылыс болған. Шабуыл жасаушылар жергілікті қауіпсіздік қызметінің бастығын өлтірмек болған, бірақ та ол тірі қалды, оның алты күзетшісі қазаға ұшырады.

Шабуыл Йемен үкіметі мен көтерілісші-хуситтер арасындағы бейбіт келіссөздер жағдайында болды.

Бұл елдегі ауқымды әскери жанжал бір жылдан астам уақытқа созылуда.

Хабарламаларға жазылу