Техаста жолаушылар автобусы апатқа ұшырады: сегіз адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Техаста жолаушылар автобусы апатқа ұшырады: сегіз адам қаза тапты

15.05.2016
Техаста жолаушылар автобусы апатқа ұшырады: сегіз адам қаза тапты

Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізуші трассада көлікті басқара алмай, Рио-Грандтан  Игл-Пасс қаласына бағыт алған автобус аударылды.

Жеті адам оқиға орнында ажал құшты, тағы біреуі алынған жарақаттар салдарынан ауруханада көз жұмды. Жалпы ауруханаға 44 адам жеткізілді. Автобус жүргізушісі аман қалды.

АҚШ-тың көліктегі қауіпсіздік бойынша Ұлттық кеңесі болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына өз мамандарын жөнелткенін мәлімдеді.

Техас губернаторы Грег Эббот қаза тапқандардың жанұяларына көңіл айтты. 

Апатқа ұшыраған автобус OGA Charters чартерлік компаниясына тиесілі болған.

 

 

Хабарламаларға жазылу