18 мамырда Астанада «Музейдегі түн» акциясы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

18 мамырда Астанада «Музейдегі түн» акциясы өтеді

15.05.2016
18 мамырда Астанада «Музейдегі түн» акциясы өтеді

Астанадағы ҚР Ұлттық музейінде Халықаралық музейлер күніне арналған «Музейдегі түн» акциясы өтеді.  Шара 18 мамырда сағат 18:00-ден 19 мамырда сағат 01.00-ге дейін болады, деп хабарлады музейдің баспасөз қызметі.

Акция барысында залдарда тегін экскурсиялар ұйымдастырылады, онда музей қонақтары ежелгі және қазіргі Қазақстанның тарихымен және мәдениетімен танысады.

Сондай-ақ қонақтардың назарына қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады. Мерекелік шара әдемі лазерлік шоумен аяқталады.

Бүгінгі күні әлемнің 40-тан астам елінде «Музейдегі түн» өткізу дәстүрге айналды. Қазақстанда да музейлердің көпшілігі бүгінде осы мерекелік акцияны үлкен жауапкершілікпен өткізуде. Ұлттық музей бұл акцияны екінші рет ұйымдастырғалы отыр. Өткен жылы акцияға 23 мыңнан астам адам қатысқан болатын. 

 

Хабарламаларға жазылу