Қылқаламды аламыз,
Түрлі сурет саламыз!
Достар, «Балапан» телеарнасы Балаларды қорғау күніне орай «Менің елім» тақырыбында республикалық сурет байқауын жариялайды. Сайысқа 6-8 жас аралығындағы қылқалам шеберлері қатыса алады.
Байқау шарттары:
1) Сурет форматы А3 болуы қажет;
2) Туындыны жиектемеге (рамка) салу керек;
3) Автордың аты-жөнін, жасын, тұрғылықты жері және байланыс телефонын көрсеткен жөн.
Жұмыстар 25 сәуірден 25 мамырға дейін қабылданады. Үздік суреттер Астана қаласында өтетін көрмеге қойылады.
Суреттеріңді «Қазпошта» арқылы мына мекенжайға жіберіңдер: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4, «Қазмедиа» орталығы, «Балапан» телеарнасы.