2016 жылы талапкерлерге 31 700 білім гранты бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2016 жылы талапкерлерге 31 700 білім гранты бөлінді

13.05.2016
2016 жылы талапкерлерге 31 700 білім гранты бөлінді

2016 жылы талапкерлерге 31 700 білім гранты бөлінеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында ҚР БҒМ ЖОО және ЖОО-дан кейінгі білім беру департаментінің директоры Серік Өмірбаев мәлім етті, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Биыл еш өзгеріс жоқ, мемлекеттік тапсырыс саны былтырғы деңгеймен бірдей, яғни жалпы гранттардың саны 31 700. Қазіргі уақытта мамандықтар бойынша гранттар үлестірілген жоқ. Себебі ол Үкімет қаулысымен бекітіледі. Бүгінде мемлекеттік тапсырыс көлеміне қатысты Қаулы жобасы қарауда жатыр. Гранттарды мамандықтарға үлестіру жағы белгілі болғанда, бірден жариялайтын боламыз», - дейді ол.

Осы жылы мектеп бітірушілер саны 121 мың 092 бала, оның ішінде 83 330 -  қазақ тілінде оқығандар, 37 762 - орыс тілінде оқығандар. ҰБТ-ға 86 мың 991 түлек қатысады. Олардың ішінде 63 021 қазақ тілінде, 23 970 орыс тілінде оқығандар. ҰБТ форматы 2016 жылы өзгеріссіз қалады. Ол 2 және 15 маусым аралығында өтеді.

Хабарламаларға жазылу