Павлодарда бала асырап алуға көмек беретін орталық ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда бала асырап алуға көмек беретін орталық ашылды

11.05.2016
Павлодарда бала асырап алуға көмек беретін орталық ашылды

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлады.

«Көптеген ата-аналардың бала асырап алғылары келеді. Бірақ олар неден бастау керек екендігін білмейді. Біз өз жұмысымызды енді ғана бастадық. Дегенмен, осы уақытқа дейін мұнда жеті жұп келіп үлгерді. Оларға жан-жақты психологиялық, ақпараттық және заң тұрғысынан көмек көрсетеміз. Бала асырап алушыларға арналған орталық «Аналар үйі» қоғамдық жобасы негізінде қаланған. Кең көлемді жобаны үш жыл бұрын қазақстандық бизнесмендер бастаған. Осы күнге дейін 36 анаға, соңғы екі айда үш отбасыға көмек көрсетілді», - дейді жобаның үйлестірушісі Әсел Әбішева.

Оның сөзінше, баладан бас тартудың негізгі себептерінің бірі - баспананың жоқтығы. Сондай-ақ, үйлестіруші алдағы уақытта сал ауруына шалдыққан жетім балаларға арналған жоба жүзеге асырылатынын атап өтті.

Қорғаншылар балалардың дертінен айыққаннан кейін мейірімді отбасынан орын табу мүмкіндігі арта түсетіндігіне сенеді.
 

 

Хабарламаларға жазылу