ҚР СІМ: Үндістан полициясы Қазақстан азаматының қазасына қатысты тергеу жүргізіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР СІМ: Үндістан полициясы Қазақстан азаматының қазасына қатысты тергеу жүргізіп жатыр

11.05.2016
ҚР СІМ: Үндістан полициясы Қазақстан азаматының қазасына қатысты тергеу жүргізіп жатыр

«Вриндаван қаласында біздің азаматымыздың қайтыс болғаны рас. Үндістандағы Қазақстан елшілігі  сол жердің құқық қорғау органдарымен үнемі байланысып отыр. Қазір азаматтың неден қайтыс болғанын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр. Жуық арада марқұмның туған-туыстары Үндістанға барып, мүрдені Қазақстанға жеткізудің амалдарын қарастырады. Ал, біз, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі марқұмның денесін туған жеріне жеткізу үшін қолдан келгенше көмек береміз»,-деді ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Ануар Жайнақов.

Естеріңізге сала кетейік, Үндістанға туристік визамен барған 50 жастағы Біржан Өмірзақов Вриндаван полициясы учаскесіне қарайтын Никунж Ашрамда 8 мамыр күні кешке бір бөлмені жалға алған. 9 мамыр күні таңертең бөлмеде оның мәйіті табылған.

 

ҚазАқпарат

 

Хабарламаларға жазылу