Ерлан Ыдырысов: 2050 жылға қарай Қазақстан жартылай «жасыл» экономикаға өтуге ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Ыдырысов: 2050 жылға қарай Қазақстан жартылай «жасыл» экономикаға өтуге ниетті

11.05.2016
Ерлан Ыдырысов: 2050 жылға қарай Қазақстан жартылай «жасыл» экономикаға өтуге ниетті

2050 жылға қарай Қазақстан жартылай «жасыл» экономикаға өтуге ниетті, деп мәлімдеді БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйлеген елдің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

«Бұл ретте, біздің еліміз дәстүрлі энергетикалық ресурстардың мол қорымен жақсы танымал, біз «жасыл экономиканы» жетілдіруге ұмтылып отырмыз. 2050 жылға қарай біз отынның қазып алынбайтын түрлерінен электр энергияның 50 пайызын өндіру жөніндегі мақсаты ұстанып отырмыз», - деп мәлімдеді Қазақстан СІМ басшысы жоғары деңгейдегі пікірталас кезінде.

Осыған байланысты ҚР СІМ басшысы елдің Париждің климат бойынша келісімін ағымдағы жылдың соңына дейін бекітетініне сендірді. Ол сондай-ақ, 2017 жылы Астанада болашақ энергиясы тақырыбымен EXPO-2017 халықаралық көрмесі өтетінін еске салды. Ыдырысовтың айтуынша, бұл форум - «Тарихи Париждік келісімнен (қол қою - ред.) кейін өтетін ірі шара».

Желтоқсан айының ортасында БҰҰ-ның климаттың өзгеруі туралы рамалық конвенциясының 196 тарапы (195 ел мен Еуроодақ) Парижде климат жөніндегі бірінші жалпыға ортақ келісім орнатты.

Бұл құжат 2020 жылдан кейін парниктік газдардың шығарылу көлемі мен климаттық өзгерістерді болдырмау шараларын анықтайды.

Хабарламаларға жазылу