Анар Лепесова 4 жасынан бастап склеродермия ауруымен күресіп келеді. Бойжеткен ауыр дертіне қарамастан жіптен қуыршақтар тоқумен айналысады.
«Тоқығанды бұрыннан жақсы көремін. Алғашында түрлі бұйымдарды туыстарыма, достарыма арнап тоқып жүрдім. Кейін тапсырыс қабылдай бастадым», дейді өзі.
Шебер көбінесе мультфильм кейіпкерлерінің образын жасап шығарады. Бұл іспен айналысып жүргеніне үш жыл болған. Қуыршақтар тапсырыс берушінің талғамына қарай түрлі түсті жіптерден тоқылады. Кейін қолынан шыққан бұйымдарды интернет арқылы саудалайды.
Қолөнердің ерекше құдіреті бар деп түйсінетін шебер туралы толығырақ Ұлттық арнаның «Таңшолпан» бағдарламасынан көріңіз.