Ресейлік Парламент өкілдері Қазақстанға ресми сапармен келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейлік Парламент өкілдері Қазақстанға ресми сапармен келді

10.05.2016
Ресейлік Парламент өкілдері Қазақстанға ресми сапармен келді

Астанада Матвиенко мен делегация мүшелері Қазақстан басшылығымен кездеседі деп жоспарланып отыр. Атап айтсақ, сапар барысында ресейліктердің Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мәжіліс төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовпен кездесуі жоспарланған. Сондай-ақ, Матвиенко ханым  Парламент мүшелерінің алдында сөз сөйлейді,  деп хабарлайды Риа Новости.

Бағдарлама аясында екі ел Парламенттерінің жоғары палаталарының арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссия өкілдерінің мәжілісін өткізу жоспарда бар.  Нақтырақ айтқанда, күн тәртібіне Бірыңғай экономикалық аймақ аясында трансшекаралық өңірлерді дамыту мәселесі енгізілген.

«Қазақстан мен Ресей арасындағы халықтарымыздың сан ғасырлардан бергі келе жатқан достыққа негізделген стратегиялық әріптестік пен одақтастық әрекеттері уақыт өткен сайын барлық салалар бойынша өсіп келеді»,-дейді Матвиенко.   

Оның сөзінше, қазақстандық-ресейлік парламентаралық диалог екіжақты ынтымақтастықтың маңыздың бағыттардың біріне айналды. 

«Екі елдің заң шығарушы органдары арасында мықты байланыс орнады»,-деді ол.

Матвиенко сонымен қатар, ресейлік және қазақстандық парламентарийлердің ТМД ПАА, ҰҚШҰ ПА мен өзге де халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастық бірлестіктері алаңындағы ынтымақтастықтың деңгейін жоғары бағалады. 

Ресми сапардың екінші күнінде Федерациялық Кеңес делегациясы Орал қаласына барады.  

 

 

 

Хабарламаларға жазылу