«Жайықтың шамшырағын» таңдауға үлес қосыңыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жайықтың шамшырағын» таңдауға үлес қосыңыз

10.05.2016
«Жайықтың шамшырағын» таңдауға үлес қосыңыз

«Қазақстан-Орал» телеарнасы қызметкерлері арасында үздікті анықтауға бағытталған «Шамшырағы Жайықтың» байқауы жүріп жатыр.

Байқаудың алғашқы кезеңінің қорытындысы бойынша әзірге үш қызметкер алда келеді.

Олар: редактор-жүргізуші Лаура  Бекболатова (1728 дауыс), редактор Аманғали Жидегүл (1579 дауыс),  редактор Сапиолла Гүлден (1443 дауыс).

Арнаның қызметкерлерін қолдап, дауыс бергіңіз келсе, http://vote.kaztrk.kz/07.php?enter=voice&id=7 сілтемесі арқылы өтіп, таңдау жасай аласыз.

Айта кетейік, «Қазақстан» РТРК» АҚ Байланыс және ақпарат саласы мамандарының күніне орай аймақтық филиалдары қызметкерлерінің арасында байқау ұйымдастырған болатын.

Алғашқы айналым қорытындысы 20 мамырда шығарылады.

Айта кетейік, жергілікті журналистер арасынан үздік шыққандар 21 мамыр мен 26 маусым аралығында өтетін республикалық байқауда бақ сынайды.

Онда «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның аймақтардағы өкілдіктерінің арасындағы бас жүлде - Гран-при иегері анықталады. Жеңімпаз бен І, ІІ, ІІІ орын жүлдегерлері корпорация басшылығының арнайы дайындаған дипломдары және бағалы сыйлықтарымен марапатталады. 

Хабарламаларға жазылу