Қанат Ислам: Чемпиондармен жекпе-жек өткізгім келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанат Ислам: Чемпиондармен жекпе-жек өткізгім келеді

09.05.2016
Қанат Ислам: Чемпиондармен жекпе-жек өткізгім келеді

Әлі жеңіліп көрмеген қазақстандық  Қанат Ислам  колумбиялық Хуан Де Анхелді нокаутқа түсіргеннен кейін бұл жекпе-жек жайлы өз ойын білдірді, деп хабарлады Boxingnews24.com.

- Алты раундты еңсеріп, жеңіске жеткенге дейін өзімді жақсы сезіндім.  

  Жұдырықтастым, аяқпен жұмыс істеп, алға-артқа қозғалып, қуатты соққылар дарыттым да, жекпе-жекті аяқтау керектігін түсіндім. Оның жағдайы түзеледі деген ойдамын. Әрине, жарақатпен айқасқа шығу қиын, алдағы уақытта қалпына келеді деп үміттенемін. Оның төртінші раундта шаршағанын байқадым да, соққыларымды үдете түстім.

Бұл жерде жергілікті қазақстандық қауымдастықтан келген, алыстан келген жанкүйерлерім көп болды. Енді олардың мені биыл әлемдік чемпиондық титул үшін жекпе-жектерде жеңісімді көргендерін қалаймын. Кім чемпион? Солармен айқасқым келеді.

Хабарламаларға жазылу