«Тобылда туған толқындар». Үздікті бірге анықтайық! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тобылда туған толқындар». Үздікті бірге анықтайық!

09.05.2016
«Тобылда туған толқындар». Үздікті бірге анықтайық!

Байланыс және ақпарат саласы мамандарының күніне орай «Қазақстан» РТРК» АҚ  аймақтық филиалдары қызметкерлерінің арасында байқау ұйымдастырған болатын.

Аталмыш байқауға қатысып жатқан «Қазақстан-Қостанай» телеарнасы «Тобылда туған толқындар» деген атаумен телеарна қызметкерлері арасындағы үздікті анықтауға кірісіп кетті.

Дауыс беру нәтижесі бойынша редактор-жүргізуші Шабдарова Назгүл 142 дауыспен әріптестерінен озық келеді.

Екінші орында тұрған редактор-жүргізуші Гаяне Мартиросянда 38 дауыс болса, үшінші үздік редактор-жүргізуші Жансая Қожахметовада 26 дауыс бар.

Қатысушыларға дауыс бергіңіз келсе, http://vote.kaztrk.kz/10.php?enter=voice&id=10 сілтемесін басыңыз.

Еске сала кетейік, алғашқы айналым қорытындысы 20 мамырда шығарылады. Жергілікті журналистер арасынан үздік шыққандар 21 мамыр мен 26 маусым аралығында өтетін республикалық байқауда бақ сынайды.

Онда «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның аймақтардағы өкілдіктерінің арасындағы бас жүлде - Гран-при иегері анықталады. Жеңімпаз бен І, ІІ, ІІІ орын жүлдегерлері корпорация басшылығының арнайы дайындаған дипломдары және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

Хабарламаларға жазылу