Мамыр айында тұрғын үй нарығында бағалар өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мамыр айында тұрғын үй нарығында бағалар өзгерді

07.06.2016
Мамыр айында тұрғын үй нарығында бағалар өзгерді

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің таратқан мәліметтеріне қарағанда 2016 жылғы мамыр айында өткен аймен салыстырғанда еліміздің тұрғын үй нарығындағы баға өзгерді.

«Атап айтқанда, жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары 1 пайызға, абаттандырылған тұрғын үйлерді - 0,7 пайызға, абаттандырылмаған тұрғын үйлерді сату бағасы 0,1 пайызға төмендеді. Сонымен қатар, абаттандырылмаған тұрғын үйді жалға алу төлемі 2 пайызға, абаттандырылған тұрғын үйлерді жалға алу  1,8 пайызға төмен болды», - делінген баспасөз баянында.

Келтірілген мәліметтерге қарағанда, еліміздің тұрғын үй нарығында 2016 жылдың мамырында жаңа тұрғын үйлерді сатудың орташа бағасы шаршы метріне 250 мың 712 теңгені, абаттандырылған тұрғын үйлерді сату 191 мың 926 теңгені құрады. Ал абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату бағасы шаршы метріне 115 мың 400 теңге болды. Сонымен бірге, абаттандырылған тұрғын үйлерді жалға алудың республика бойынша орташа бағасы шаршыметріне 1 мың 274 теңгені құраған.

 

Хабарламаларға жазылу