В. Путин Н.Назарбаевты Ұлы Жеңістің 71-жылдығымен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

В. Путин Н.Назарбаевты Ұлы Жеңістің 71-жылдығымен құттықтады

08.05.2016
 В. Путин Н.Назарбаевты Ұлы Жеңістің 71-жылдығымен құттықтады

Бұл туралы РФ Президентінің баспасөз қызметі және ақпарат басқармасы хабарлады.

Құттықтауда Ресей Президенті Жеңіс күні - туған жері үшін жанын қиып, әлемді фашизмнен қорғап қалған ерлік пен халықтар бірлігінің символы болған қасиетті мереке екені атап өтіледі.

Владимир Путин ортақ тарихты бұрмалауға және қайғылы оқиғаның қайталануына жол беруге болмайтынын ерекше атап өтті. Біздің ортақ борышымыз - ҰОС-та қаза тапқандардың жарқын бейнесін жадымызда мәңгі сақтау, аман оралған көзі тірі ардагерлерді құрметтеу, оларға жан-жақты қамқорлық көрсету.

Ресей мемлекетінің басшысы сыннан өткен достық пен туыстық қатынас алдағы уақытта да мемлекетаралық қатынастарды нығайтып, еуразиялық кеңістікте интеграциялық үдерістердің дамуына ықпал ететініне сенімін білдірді.

Путин барлық ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне алғыс айтты, оларға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі. 

Хабарламаларға жазылу