Қанат Ислам: Ұлттық арнаға алғысым шексіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанат Ислам: Ұлттық арнаға алғысым шексіз

08.05.2016
Қанат Ислам: Ұлттық арнаға алғысым шексіз

Кәсіпқой бокстан WBA Fedelatin және WBA FideCaribe нұсқалары бойынша Әлем чемпионы Қанат Ислам 9 мамыр күні АҚШ-тың Флорида штатындағы Лейкленд қаласында өзінің 21-ші кезедсуін колумбиялық былғары қолғап шебері Хуан Де Анхельге қарсы өткізеді. Жекпе-жекті 9 мамыр күні «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақытымен таңғы 07:00-ден бастап тікелей эфирде көрсетеді.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы кездесуді тікелей эфирде көрсететінін естігенде қатты қуандым. Енді жауапкершілік артады. Сенімді ақтаймын, барымды саламын. Ұлттық арна басшыларына алғысым шексіз. Бұған дейін әлеуметтік желіде «Қанаттың жекпе-жектерін неге көрсетпейді?» дегенді оқығанмын. «Сабыр түбі сары алтын» деген ата-бабамыз. Кәсіпқой бокста жүргеніме 3 жылдан сәл асты, бәрі бірден бола бермейді, тер төгіп, еңбек ету керек. Гена бауырымда осындай қиындықтардан өтті, еңбек етіп, енді міне жемісін көріп жатыр», - деді Қанат Ислам.

Кәсіпқой боксқа 2012 жылы ауысқан Қанат Ислам бұған дейінгі өткізген 20 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен. Оның ішіндегі 17 кездесуде отандасымыз қарсыластарын нокаутқа түсірген.

Ал, Хуан Де Анхельге келер болсақ, колумбиялық боксшы 2008 жылдан кәсіпқойлар арасындағы сындарға қатысып келеді. Шаршы алаңда 22 жекпе-жек өткізіп 18-ін жеңіспен яқтаған. Үшеуінде Де Анхельдің қарсыластары басым түссе, бір кездесу (Хуанның кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегі) тең нәтижемен аяқталған.

Хабарламаларға жазылу