Нәтижесінде сұрау салынған халықтың 96,3 пайызы Мемлекет басшысының ағымдағы күн тəртібінің көкейкесті мəселелері бойынша сөз сөйлегенінен хабардар болып шықты. Мұнан бөлек, қазақстандықтардың 95,2 пайызы Мемлекет басшысының елдің күн тəртібіндегі маңызды мəселелері бойынша мемлекеттік органдардың түсіндіру жұмыстарын жақсартуы жөніндегі тапсырмаларын дұрыс жəне уақытылы десе, 93,7 пайызы - Жер кодексінің нормалары бойынша қосымша түсіндіру жүргізуді қажет деп есептейді. Сонымен қатар респонденттердің 92,4 пайызы Жер кодексінің бірқатар нормаларына мораторий енгізуді, 96,3 пайызы - Мемлекет басшысының Үкімет жанынан көкейкесті мəселелер бойынша барлық қажетті ақпараттар алуға болатын «шұғыл желі» - біртұтас Call-орталық құру туралы тапсырмасын толық қолдайды. Ал сұрау салынғандардың 95,2 пайызы "Қазақстандағы тұрақтылық пен татулықты нығайту - ол əрбір қазақстандықтың ісі" деген Президент Н.Ə.Назарбаевтың тезисімен толық келісетіндігін білдірген.
Айта кетерлігі, сауалдар телефон сұхбаты түрінде өткізілді. Жалпыұлттық таңдау бойынша 1100 адамға сұрау салынды. Таңдау қателігі ±2,9 пайызды құрайды.