Қарулы қылмыскерлермен атыста зардап шеккен елордалық полицейлер марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарулы қылмыскерлермен атыста зардап шеккен елордалық полицейлер марапатталды

08.05.2016
Қарулы қылмыскерлермен атыста зардап шеккен елордалық полицейлер марапатталды

Осы жылы 27 ақпанда сағат 22.00-де Астана қаласы ІІД жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция қызметкерлері полиция старшинасы Марал Тұрғымбаев пен полиция сержанты Ерболат Рысбеков  қызметін атқару кезінде өнеркәсіптік аймақ ауданында жасалған ұрлық жайлы хабарлама алды. Қаскүнемдерді анықтауға бағытталған шара барысында сол аумақтағы құрылыс вагонында болған адамдардың құжаттарын тексеру кезінде ер адамның бірі екі полицейге тапаншадан оқ атты. Оқиға жабық кеңістікте, жарығы әлсіз, күтпеген жерде орын алды.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері Қарағанды облысының 43 жастағы тұрғынын ұстады. Қаскүнемнің бұрын бірнеше рет сотты болғаны, оның ішінде кісі өлтіргені туралы анықталды.

Бірнеше жерден жараланған полицейлер ауруханаға жатқызылды. М. Тұрғымбаевқа төрт жерден, Е. Рыспековке екі жерден оқ тиген.

 

Хабарламаларға жазылу