Астанадағы Тәуелсіздік сарайында мамырдың 25-і күні Ұлы Жібек жолы елдері форумы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында мамырдың 25-і күні Ұлы Жібек жолы елдері форумы өтеді

06.05.2016
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында мамырдың 25-і күні Ұлы Жібек жолы елдері форумы өтеді

Жиынның мақсаты – Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан елдердің ынтымақтастығы және болашақта бүкіл аймақтың даму барысын бағалайтын өзекті мәселелерді талқылау.

Осыған қарай жиын барысында «Бір белбеу, бір жол» бастамасын Еуразиялық экономикалық одақпен ұштастыру және ШЫҰ», «Әлемдік энергетика және табиғи ресурстар саласындағы тұрақсыз жағдай», «Еуропа мен Азияның өндірістік мүмкіндіктер саласындағы ынтымақтастығы», «Энергетика және табиғи ресурстар саласындағы Азиялық серіктестік», «Еуропа мен Азияның инфрақұрылымдық сабақтастығы», «Еуропа мен Азия арасындағы экономикалық ынтымақтастық және сауда» аты тақырыптарда сессиялар ұйымдастырылады.

Осы сессиялар барысында   ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің ұсынған «Бір белбеу, бір жол» бастамасы мен оның  Еуроодақ елдеріне,   Шығыс Азияға, сондай-ақ Орталық Азия мен  Таяу Шығыс және Оңтүстік Азияның дамыған елдеріне ықпалы сөз болады. 

Сондай-ақ жиынға қатысушылар Ұлы Жібек жол бойындағы елдердегі экономика мен экономикалық ықпалдастық, кәсіпкерліктің дамуы, энергетика, сауда мәселелеріне қатысты да әңгіме қозғайды.

 

Хабарламаларға жазылу