Әнші Майра Мұхаммедқызы Қанат Исламның алдағы жекпе-жегіне сәттілік тіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әнші Майра Мұхаммедқызы Қанат Исламның алдағы жекпе-жегіне сәттілік тіледі

06.05.2016
Әнші Майра Мұхаммедқызы Қанат Исламның алдағы жекпе-жегіне сәттілік тіледі

Әнші Майра Мұхаммедқызы қасиетті жұма күні мешітке барып, Қанат Исламның алдағы жекпе-жегінің сәтті өтуі үшін дұға жасап, тілек тіледі.

«Бүгін қасиетті жұмада мешітке барып, Алладан Қанат Ислам бауырымның алдағы жеңісі үшін тілек тілеп, Қажымұқан бабамның намысы мен күшін, Мұхамед Әлидің жігері мен абыройын тіледім. Қазақ халқы Геннадийді қандай жақсы көріп, жанкүйер болса, менің жерлесім Қанатты да дəл солай қолдайды деп білемін. Қанат – қазақтың қарадомалақ баласы ғой. Я, Алла өзің қолдай гөр! Тілегімді қабыл ете гөр!», деп жазды әнші өз парақшасында.

Еске сала кетейік, Қанат Исламның АҚШ-та өтетін 21-ші жекпе-жегін «Қазақстан» Ұлттық арнасы тікелей эфирде Астана уақытымен 9 мамыр күні таңғы сағат 07:00 де  көрсетеді.

 

inform.kz

Хабарламаларға жазылу