Адам өсек айтуды балабақшадағы кезінен бастайды - Германия ғалымдары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Адам өсек айтуды балабақшадағы кезінен бастайды - Германия ғалымдары

06.05.2016
Адам өсек айтуды балабақшадағы кезінен бастайды - Германия ғалымдары

Германия ғалымдары адамдар өсек айтуды балабақшадан бастайды деген тұжырым жасады. Зерттеу қорытындысы British Journal of Development Psychology журналында жарияланды, деп жазады ҚазАқпарат.

Лейпцигтегі Макс Планк Қоғамының эволюциялық антропология институтының қызметкерлері осы мақсаттағы тәжрибеге 3-5 жастағы балаларды қатыстырған. Әр жастағы топқа екі қуыршақтан беріп ойнатқан. Әр қуыршақпен ойнау барысында балалар онымен тиын алысып саудаласқан. Үш жастағы балалар қуыршақтарының «әрекеттерін» 23 пайыз жағдайда суреттеп берсе, ал бес жастағы балаларда бұл көрсеткіш 54 пайызға жетті.

Бұған дейінгі зерттеуде балаларда өсектеу шамамен он жастан бастап  қалыптаса бастайды деп саналып келген.

Осылайша, ғалымдар адамның әлеуметтік ортадағы әрекеті ретінде сынға алынатын аспектінің бірі - өсек айту ерте сатыда басталады деген тұжырымға келді. Олардың пікірінше, бұл кезең балалардың өзінің өз пікірін қалыптастыру қабілетінің дамуына байланысты.

Хабарламаларға жазылу