Қазақ радиосының қызметкері Мұхамедәлі Болатұлы «Говорим как Левитан» халықаралық радиоконкурсында марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ радиосының қызметкері Мұхамедәлі Болатұлы «Говорим как Левитан» халықаралық радиоконкурсында марапатталды

05.05.2016
 Қазақ радиосының қызметкері Мұхамедәлі Болатұлы «Говорим как Левитан» халықаралық радиоконкурсында  марапатталды

Совинформбюроның 75 жылдығы аясында  ұйымдастырылған «Говорим как Левитан» халықаралық радиоконкурсының ұйымдастыру комитеті лауреаттар тізімін жариялады. Осы орайда сарапшылар тобы екі тілде (қазақша, орысша) жасалған жұмыс авторы Астанадан келген Қазақ радиосының қызметкері  Мұхамедәлі Болатұлына арнайы диплом берді.

Ал, байқауда бірінші орынды мәскеулік Евгений Стрельцов, екінші орынды Арзамас қаласынан келген Евгений Прохоров, үшінші орынды Сочи қаласынан Алексей Петров иеленді.

Конкурстың мақсаты – жас радиожурналистерді қолдау, радио саласында кәсіби кадрлардың қалыптасуына ықпал ету.

Айта кету керек, конкурсқа Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина, Қызрғызстан, Молдова, Армения сынды 10-нан астам елден 109 жұмыс келіп түскен.

 

Хабарламаларға жазылу