Ұлттық би академиясына іріктеу басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық би академиясына іріктеу басталды

05.05.2016
Ұлттық би  академиясына іріктеу басталды

Бұл көпсатылы кәсіби хореографиялық білім беруге арналған Орталық Азиядағы тұңғыш өнер ордасы болмақ. Астанада орналасатын өнер ошағы осы жылдың күзінде жұмысын бастамақ.

Балалар мұнда жалпы біліммен қатар, балет пен би ансамблі, хореография режиссері, би педагогы мен өнертанушы мамандығын игереді. Іріктеуден өткізетін қазылардың айтуынша, баланың биге деген икемі мен пластикалық қабілеттеріне баса назар аударылады.

«Бұл жерде міндетті түрде биге қатысып жүрген балаларды алмаймыз, ауылдағы дарынды балалар да іріктеуден өте алады», - деді облыстық  мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының жетекші маманы Батырхан Қайыров.

Хабарламаларға жазылу