Жер мәселесі туралы сайт іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жер мәселесі туралы сайт іске қосылды

05.05.2016
Жер мәселесі туралы сайт іске қосылды

Атап айтқанда, онда Жер кодексiндегi жаңалықтар, сондай-ақ жерді пайдалануға байланысты мемлекеттік органдардың мәліметтері мен сарапшылардың пікірлері қамтылған.

Қазіргі кезде сайтта «Жерді тиімді пайдаланудың талаптары қандай?», «Қазақстандық жер пайдаланушылардың мүддесі қорғалған», «Мемлекетпен жердi тиімді пайдалануды бақылау жөніндегі жұмыс күшейтілді», «Бос тұрған және өңделмеген жерлер өз құнарлығын жоғалтуда»,  «Жердің құнарын сақтау - басты міндет» деген тақырыптарда материалдар мен мақалалар берілген.

Сонымен қатар, сайттың «Сіздің сауалыңыз» айдарында жер мәселесі бойынша әрбір адам ҚР Ұлттық экономика министрлігінің вице-министрі Қайырбек Өскенбаев пен «Республикалық агрохимиялық қызмет ғылыми-әдістемелік орталығы» ММ директоры Ерболат Базылжановқа өз сауалдарын жолдай алады.

Бұдан бөлек, интернет ресурста ауыл шаруашылығы жерлерінің инфографикасы және Қазақстанның жер қорының статистикасы қамтылған. 

 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу