«Сәлем, Қазақстан!». Әлішер Кәрімовтың концертіне ойнатылған 10 билеттің иегерлері анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сәлем, Қазақстан!». Әлішер Кәрімовтың концертіне ойнатылған 10 билеттің иегерлері анықталды

05.05.2016
«Сәлем, Қазақстан!». Әлішер Кәрімовтың концертіне ойнатылған 10 билеттің иегерлері анықталды

Бүгін Астанадағы «Қазмедиа» орталығында  Ұлттық арнаның «Сәлем, Қазақстан!» жобасы аясында әнші Әлішер Кәрімовтың концерті өтеді.

Осыған орай, интернет қолданушылар арасында ән кешіне тегін 10 билет ойнатылған болатын.

Ереже бойынша, Instagram әлеуметтік желісінің кез келген пайдаланушысы концерт баннерін өз парақшасында жариялап, «ұнату» белгісін мейлінше  көп жинауы тиіс болды.  Сондай-ақ, жарияланымда @kaztrk_kz аккаунты мен  #salemkz хэштегін көрсету міндеттелді.

Қойылған талапқа сәйкес, үздік бес қатысушы анықталды. Олар:

@aisultan9114

@impresario_kz

@bayanserikovna11

@ainur.bulakbai

@__azem__

Әр қатысушыға екі билеттен табысталады. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Айта кетейік, «Сәлем, Қазақстан!» концерт-шоуының түсірілімі әр аптаның бейсенбі күндері сағат 19:00-де өтеді. 

Хабарламаларға жазылу