«Қазақстан-Атырау» телеарнасы ұйымдастырған «Атырау ажары» байқауы жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан-Атырау» телеарнасы ұйымдастырған «Атырау ажары» байқауы жалғасуда

05.05.2016
«Қазақстан-Атырау» телеарнасы ұйымдастырған «Атырау ажары» байқауы жалғасуда

«Қазақстан»РТРК» АҚ Байланыс және ақпарат саласы мамандарының күніне орай аймақтық филиалдары қызметкерлерінің арасында байқау ұйымдастырғанын бұған дейін де жариялаған болатынбыз.

Қазіргі уақытта алғашқы кезеңнің ережесіне сай, телеарна ұжымдарының арасында сайт арқылы дауыс беру жүргізілуде.

Бүгін көрермендер мен интернет қолданушылар назарына «Қазақстан-Атырау» телеарнасы өткізіп жатқан «Атырау ажары» байқауының алдын ала нәтижелерін ұсынамыз.

Әзірге 2079 дауыспен Жаңалықтар қызметінің редактор жүргізушісі Шолпан Сисеналиева топ бастап тұр. Тақырыптық бөлім редакциясының шеф-редакторы Балауса Халелова - 2072, Жаңалықтар қызметінің редактор жүргізушісі Әли Бексейітов - 1253 дауысқа ие болған.

Арнаның өзге де  қызметкерлеріне қолдау білдіремін десеңіз, vote.kaztrk.kz/06сілтемесі арқылы өтіп, дауыс бере аласыз.

Алғашқы айналым қорытындысы 20 мамырда шығарылады.

Айта кетейік, жергілікті журналистер арасынан үздік шыққандар 21 мамыр мен 26 маусым аралығында өтетін республикалық байқауда бақ сынайды.

Онда «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның аймақтардағы өкілдіктерінің арасындағы бас жүлде - Гран-при иегері анықталады. Жеңімпаз бен І,ІІ,ІІІ орын жүлдегерлері корпорация басшылығының арнайы дайындаған дипломдары және бағалы сыйлықтарымен марапатталады. 

Хабарламаларға жазылу