Альбина Жәлелова: Әкімшінің басты ерекшелігі – барлық жағдайды бақылауда ұстау - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Альбина Жәлелова: Әкімшінің басты ерекшелігі – барлық жағдайды бақылауда ұстау

05.05.2016
 Альбина Жәлелова: Әкімшінің басты ерекшелігі – барлық жағдайды бақылауда ұстау

«Мен түсірілім барысына жауап беретін әкімшімін. Негізі – перфекционистпін. Сондықтан да, басты арманым – алдағы уақытта бәрі  швейцарлық сағаттай дәл жұмыс істесе. Бірақ, түсірілім алаңында олай болуы мүмкін емес.

Жоспарлаған дүниелеріңнің ойдағыдай жүзеге асуына көп нәрсе бөгет болады. Мысалы, күн райы, актер ауырып қалды, жүргізуші ұйықтап қалды немесе түскі асты уақытында әкелмеді деген сияқты себептер көп. Сол себепті, әкімшінің басты ерекшелігі – барлық жағдайды бақылауда ұстау».

«Қалай дегенмен, жоспарлау тәртібі алаңдағы тәртіпке көмектеседі. Ал, адам алдына мақсат қоя білуі керек. Ең бастысы – тиянақтылық».

«Аяулы арман» телехикаясының мұрағаты

Хабарламаларға жазылу