«Биылдың қазан айында Прагада қазақ киносының апталығын өткізуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін біздің «Қазақфильм» киностудиясымен үнемі байланыстамыз. Осы ретте Чехия қоғамына біздің жаңа туындыларды, еліміздің тарихы туралы фильмдерді, қазіргі заманғы ленталарды ұсынбақпыз. Атап айтқанда, апталықта көрсетілетін туындыларды іріктедік, алайда нақты бекіткен жоқпыз», - деді С. Әбдікәрімов.
Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанның кинорежиссерлері Чехияда өтетін фестивальдер туралы жақсы біледі және осы шараларға жиі сапарлап тұрады. Жалпы, Чехия әлемдік киноиндустрияға өзіндік үлесін қосып отырған ел ретінде мойындалды.
ҚазАқпарат