Аттың мінер жағы мен қамшылар жағы нені білдіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аттың мінер жағы мен қамшылар жағы нені білдіреді

04.05.2016
Аттың мінер жағы мен қамшылар жағы нені білдіреді

Аттың мінер жағы мен қамшылар жағы. Атқа мініп-түсу барысында аттың мінер жағы және қамшылар жағы деген оң-терісін ажырататын айырмасы болады. Атқа мінетін, яғни аттың оң жағын - «мінер жағы» дейді де, аттың келесі жағын, яғни аттың теріс жағын «қамшылар жағы» дейді. Кейбір мінезі шәргез жылқылар теріс жағынан мінгізбек түгілі, жақындатпайтыны да болады. Ал осы жылқының мінер жағы мен қамшылар жағының сырын кейбір деректерде былайша түсіндіреді: Бұл жағдай адамдардың көбісі оңқай болуына байланысты. Ертеде жігіттер қылышын оңай суырылу үшін сол жағына таққан. Осылайша сол жағында салақтаған қылышы бар ерлер атқа мінгенде сол аяғын үзеңгіге алдымен салу ыңғайлы келеді. Жәнеде соғыс кезінде көп адам атқа біркелкі мінгенгеде ыңғайлы болған. Бұлар қазіргі заманда қажеті шамалы болғанымен үйренісі бойынша сол аяғын алдымен үзеңгіге салады.

Ат күші. Жылқы малын ақ, қара, жирен, құла, т.б. деп түріне қарай; жүкке арналған, жүйрік, жорға, желісті, т.б. деп қабілетіне қарай бөледі.

Жалпы бұл жануардан шыққан күшті есептейтін болсақ, бір ат өте аз уақыттың ішінде (уақытша ғана) он шақты аттың күшін шығара алады. Керемет емес пе? Алайда қалыпты жағдайда бір ат бір ғана аттың күшін көрсетеді.

«Ат күші» деген өлшемдік ұғым қалай пайда болған?

Неліктен «аттың күшін» энергиялық қуаттың бірлігі ретінде алды? Бұл қаншалықты күш-қуат болуы мүмкін?

Бу машинасын ойлап тапқан ағылшындық Джеймс Уатт (1736-1819) алғаш рет осы терминді, яғни «ат күші» ұғымын дүниеге әкелген екен.

Сонымен қатар, көпшілікке өзінің жаңа шығармасы көп аттың орнын басуға болатын күш қуатты екендігін дәлелдеуге тура келген. Сондықтан да бір ат бір мезгілде қанша күш-қуат шығара алатынын өлшеп білу қажеттілігі туындаған.

Ол өзінің көмір шахтасында жасаған тәжірибесіне сүйене отырып, бір аттың қалыпты күші шахтадан 1 метр/секунд уақытта 75 кг жүкті таситынын дәлелдеген.

Бірақ бұл өлшемге қол жеткізу үшін көптеген аттардың күшін сынап, сынақтан өткізгендігі белгілі. Нәтижесінде азықтық, салықтық, электрлік, судың, өлшемдік және тіпті британдық деп аталатын ат күші-қуаттары пайда болады.

Ал 1960 жылы осы «жылқы үйірінің» мағынасын ашып, тереңдете реттеген екен. Бұл туралы Халықаралық Салмақ өлшемнің XI сьезінде дүниежүзілік салмақ өлшемдерінің біріккен СИ (SI) системасында дәлелденді. Бұл система бойынша заттың күшін анықтаушы бірлікті Джеймс Уаттың құрметтіне «ватт» деп атайды.

Сондықтан аттың күші дегеніміз аттың күшінің өлшемі емес, шыдамдылығының көрсеткіші болады екен.

1 а.к. = 75 кг.м/с = 0,736 кВт.=736 Вт

1 Вт=107 ү/с=0,102 кг. м/с=1,36. 10-3 а.к.

Аттың басы. Кавалеристтер соғыста өлген аттарды еске алу үшін аттың басын бейнелеп, сапқа тұрды.

АҚШ 1917 жыл. Бірінші дүниежүзілік соғыс салдарынан өлген жылқылардың санына жету мүмкін емес. Ең азайтып айтқанның өзінде 8 миллион жылқының оққа ұшқаны анық.

Бұл соғыс ең соңғы атты әскерлер қатысқан соғыс болғандығына бәс тігуге болады. Жылқылардың көбі жүктер мен адамдарды тасуға пайдаланылды.

Алғашқы пошта маркасы. 1933 жылы шыққан «Казахи» деп аталатын пошта маркасында атқа мінген қазақтар бейнеленген. «Кеңестік халықтар» сериясымен шыққан бұл марканың қазіргі кездегі құны 400-720 рубльге тең. Марка сол кезде 1 тыйын болған екен.  0,2 млн данамен жарық көрген пошталық марка бүгінгі күнде өте сирек кездеседі.

Материал Аrgymaq.kz ұлттық танымдық порталынан алынды.

Хабарламаларға жазылу