
Отандық эстрадада жаңа есім – «Бауырлар» тобы. Топтың аты айтып тұрғандай «Бауырлар» ағалы-інілі Мұхамеджан мен Дәулетбектен құралған. Бала кездерінен әнге әуес, өнерге жақын болып өскен жігіттер әлі талай жетістікке жетеміз, дейді.
Мұхамеджан Жұманұлы:
«9 сынып оқып жүргенде өнерге алдымен мен келдім. Жоғары оқу орнына түскенге дейін жеке ән айтып жүрдім. Кейін қасыма бауырымды алып, содан бері бірге ән айтып келеміз».
Актер мамандығын үздік тәмамдаған олар әншілік өнерден де алыс кете алмады. «Бейнебаяндарымызда басты рөлдерді өзіміз сомдаймыз. Бұған актерлік мамандықтың пайдасы көп тиді»,-дейді жас әншілер.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.
