Мұндай келісім «Ontustik Invest 2016»
халықаралық форумы аясында Оңтүстік Қазақстан әкімдігі мен «Александровский сад» ЖШС-і арасында жасалды. Қойма Мақтарал ауданының индустриялды аймағынан ашылмақ. Жалпы құны 600 млн. теңге болатын жоба іске асқанда мұнда өндірілген өнімнің 70 пайызы ішкі нарыққа жіберіліп, 30 пайызы шетелге экспортталмақ.
Сонымен қатар, форум кезінде «Александровский сад» ЖШС мен Түркияның «Almaty Teknik Tarim» ЖШС-нің арасында да қарқынды бауды 100 гектарға дейін ұлғайту мақсатында, өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Тамшылатып суару технологиясын пайдалану арқылы қарқынды бауды дамыту жобасында жылына 10 мың тонна алма алу жоспарланып отыр. 100 адамды жұмыспен қамтуды мақсат еткен жобаға 2,2 млрд. теңге қаражат жұмсалмақ. Болашақта жеміс-жидектің 70 пайызы ішкі нарықты, 30 пайызы сыртқы нарықта қамтамасыз етеді делінген жоба 2018 жылы іске қосылады деп күтілуде.