Ұлттық музейде Асхат Ахмедияровтың «Жалғыз да көп» атты сурет көрмесі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық музейде Асхат Ахмедияровтың «Жалғыз да көп» атты сурет көрмесі өтіп жатыр

03.05.2016
Ұлттық музейде Асхат Ахмедияровтың «Жалғыз да көп» атты сурет көрмесі өтіп жатыр

Ұлттық музей бұл көрмені Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және Астана қаласының әкімшілігінің қолдауымен Халықаралық Өнерді дамыту ассоциациясымен (IADA) бірлесіп өткізуде, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Көрме 17 маусымға дейін жалғасады. Халықаралық жетекшілер – француз өнер танушысы Поль Арден және IADA негізін қалаушы Дина Байтасова.

IADA (Халықаралық Өнерді дамыту ассоциациясы) – қызметі Қазақстан және Орталық Азияның заманауи өнерін Еуропаға жеткізу болып табылатын коммерциялық емес ұйым. Соңғы үш жылда IADA тұрақты көрмелер өткізу арқылы мәдени алмасуға, арт-резиденцияларды және басылымдарды ұйымдастыруға ықпал ете отырып Қазақстан мен Еуропа арасындағы шығармашылық көпір болу арқылы 15-тен астам халықаралық жобаларды жүзеге асырды.   

Асхат Ахмедияров – көркем сурет, фотосурет, видео, инсталляция және перформанс салаларында жұмыс жасайтын тәуелсіз суретші. Ол  Парижде Пьер және Мари Кюридің бұрынғы заводында өткен халықаралық «Сандырақ зертханасы», 56-Венеция биенналесінде «Протагонисттер. Қазақстанның көрінбейтін Павильоны», Арт-Дубай, Сингапур биенналесі, Берлин, Париж, Астана және т.б. көрмелерге қатысқан.

Ахмедияровтың өз отанында ҚР Ұлттық музейінде алғашқы өтетін жеке көрмесі автордың өміріндегі ғана емес, сонымен қатар біздің еліміздің күллі көркемдік әлеміндегі маңызды кезең болмақ. Заманауи суретшінің манифест көрмесі оның өмірді өнермен тануы туралы, оның жеке координат жүйесі, жеке шығармашылық әдісі және әлемге көзқарасы туралы. Суретші ұсынған жұмыстардың көпшілігі көрмеге арнайы жасалған, Париж кезеңіне қатысты көркем сурет, инсталляция, видео, фотосуреттер және перформанстар да бар.  

Асхат Ахмедияров 2015 жылғы Венеция биенналесінде француз жетекшілерден өзінің «Протагонисттер. Қазақстанның көрінбейтін Павильоны» жобасына әлемдік ірі және беделді биенналелерде Қазақстанды таныстыруға лайықты кемеліне келген, жасампаз және жігерлі суретшілердің бірі деген баға алды.

Хабарламаларға жазылу