Ауа райы: Оңтүстік өңірде бұршақ жаууы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райы: Оңтүстік өңірде бұршақ жаууы мүмкін

02.05.2016
Ауа райы: Оңтүстік өңірде бұршақ жаууы мүмкін

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерде жаңбыр жауады, тек  республиканың солтүстігінде және орталығында ауа райы жауын-шашынсыз. Сондай-ақ, кей жерде найзағай ойнап, тұман түсіп, желдің күшеюі сақталады, оңтүстік өңірде бұршақ жаууы мүмкін. Ал, Республиканың шығысында үсік  түсуі мүмкін, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде  найзағай болады, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, түнде екпіні 23 м/с болады.

Қостанай облысының кей жерінде найзағай ойнап, түнде кей жерде жел күшейеді, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болмақ.

Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда облыстарының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с.

Атырау облысының кей жерінде найзағай, тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерінде тұман, күндіз найзағай ойнайды.

Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан  облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.

Алматы облысының кей жерінде найзағай ойнауы мүмкін.

Шығыс Қазақстан  облысының кей жерінде 2 градусқа дейін үсік болады.

Ақтөбе облысының  кей жерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Хабарламаларға жазылу