Инвестициялық даулар қалай шешіледі? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инвестициялық даулар қалай шешіледі? (ВИДЕО)

28.04.2016
Инвестициялық даулар қалай шешіледі? (ВИДЕО)

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап алғаш рет республикада инвестициялық даулар бойынша бөлек сот ісін жүргізу жүйесі құрылды. 

Жаңа азаматтық процестік кодексте инвестициялық даулар бойынша азаматтық істерді инвестордың мәртебесіне байланысты бірінші сатыдағы сот ретінде Астана қалалық соты немесе Жоғарғы сот қарайды.

«Даудың мөлшері 4 миллиард 242 миллион теңгеге дейін болса, ол инвестор болып саналады. Заңға енгізілген өзгерістер бойынша инвесторлардың қатысуымен орын алған дауларды Астана қалалық сотында құрылған сот құрамы қарайды.

Соттың шығарған шешіміне шағым не наразылық келіп түскен жағдайда, аппеляциялық тәртіпте Жоғарғы соттың  арнайы алқасында қаралады», дейді ҚР Жоғарғы сотының судьясы Бағлан Мақұлбеков.

Өзгерістерге сай, алғашқы рет Кәсіпкерлік кодексте және инвестициялар туралы заңда «инвестор» және «ірі инвестор», «инвестициялық қызмет» ұғымдарының мәні ашылды.

Жаңа құжаттағы басқа да өзгерістер туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біліңіз. 

Хабарламаларға жазылу